Молдабекова Айгүл Рысбек қызы
Математика - информатика пәнінің мұғалімі
« 2 Ақсуат орта мектебі» КММ
9 сынып. Информатика.
Сабақтың тақырыбы:Өрнектер және олардың жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды кез келген математикалық өрнекті Паскаль
тілінде, қажетті шарттарды сақтай отырып,жылдам аударып
жаза білуге үйрету
Дамытушылық:Оқушылардың бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу
дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде
жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды жауапкершілікке, өзара көмектесуге, бір-бірін
бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:Электронды оқулық, интерактивті тақта,ActivInspire
бағдарламасы,флипчарттар,тест.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Стандартты функциялар» тақырыбы. (Флипчартта)
Өткен тақырып бойынша қайталауға арналған сұрақтар:
1. Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
2. Паскальда қолданылатын арифметикалық амалдар.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Электронды оқулық,флипчарт.
- Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың ,функциялардың,тұрақтылардың жиынтығын айтады. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан,тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін.
Мысалы:(57x)/1. 8; (sin(x)5cos(2x))/ln(x) т. б.
Өрнектердің қатесіз жазылуы және оның нәтижесі дұрыс болу үшін төмендегі ережелерді ескеру қажет: (флипчартты пайдалану)
1. Екі амал қатар жазылмайды (А-В өрнегі дұрыс жазылмаған,өрнек А(-В) түрінде жазылу керек).
2. Басымдығы жоғары амалдар алдымен орындалады(мына өрнекте xy-d/4 алдымен көбейту мен бөлу амалдары,сонан соң азайту амал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>