Тақырыбы: "Өркениетті елміз"
Мақсаты: Отанын, елін, жерін сүюге үйрету. Ойлау, қабылдау, қабілетін дамыту.
Балаларға эстетикалық тәрбие беру. Инновация - сөзін балалардың
бойына сіңіру.
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, сұрақ жауап алу, тақырыпты талдау. бейнелеу
Көрнекілік: Түрлі суреттер, смайликтер, пазл.
Коррекциялық дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тілін дамыту.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру,
2. Дидактикалық ойын: "Сен менің бір бөлігімсің"
Балалар, барлығымыз бірге бір ойын ойнайық.
Ойынымыз дидактикалық ойын: "Сен менің бір бөлігімсің" деп аталады. Мына
суреттерді өз орындарына орналастыруларың қажет. (Әр бала бір - бір заттан алып
орналастырады) Ал енді қарайықшы ненің суретін құрастырдыңдар, өте тамаша
сурет көріп тұрмын. (балалар өз ойларын ортаға салады)
1. Ақниет - тамырын орналастырды
2. Станислав - діңгегін орналастырды
3. Айдын - жапырақтарын орналастырды
4. Аружан - жемістерін орналастырды.
5. Рахат құрастырылған талдың құрамын айтып толықтырып өтті.
Бұл суретте әдемі жеміс талының суретін құрастырдыңдар. Міне мынау
өздерің айтқандай - тамыры, діңгегі, жапырақтары, жеміс талдың жетіліп піскен
жемісі. Күннің шуақты нәрі, ашық аспан аясы қандай керемет көрініс. Бұл талдың
өзі бірліктің, тұтастықтың, "сен менің бір бөлігімсің" деп айырылмас татулықты
білдіріп тұр. Талдың құрамдас бөліктерімен бәрін таныссыңдар, соны
құрастырдыңдар.
Өздерің де көріп отырғандай, тамырсыз
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>