белінен сызылған.
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Суретпен жұмыс
Суретте салынған "үйрек" туралы айту. Үйректің пайдасы және оны өсіру.
Дыбыстық, буындық талдау жасау. Үйрек - үй - рек. . -. . .
Тірек - сызба бойынша сөздерді оқыту, мағынасын айту. (үн, үш, үр, үз, үк, үй)
Ү - н, з, й, р, ш, к
Ойын "Сөз ойла, тез ойла" доппен ойналатын ойын (допты балаларға бергенде алып тұрып ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек)
Дәптерге жазу. Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады. Бас, кіші әріптерін жазулары. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.
Тірек - сызба бойынша затты сипаттау:
Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл
Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер
Тақтадағы сөздерді оқыту
Гүл, үтік, күз, жүгері, күрек, түлкі
Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү дыбысы қалай айтылады?
- Бас, кіші әрпін жазып көрсет.
"Өз орныңды тап" ойыны. Әріптерді өз орнына қою:
ү, т, л, і, к - түлкі і, к, ү - үкі р, к, е, й, ү - үйрек
Мадақтау. Бүгін балалар, бәрің де жақсы сабаққа қатысып, белсенділік таныттыңдар. Үйренгендеріңді естеріңде сақтаңдар. Рахмет сендерге.
Страницы: << < 1 | 2