Пәні: Физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: Рентгендік сәулелер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, өтілген тақырыпты қайталай отырып, жаңа сабақты өз бетімен жетілдіру
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға рентген сәулесінің ашылуын, қасиеттерін және өмірде қолданысын түсіндіру.
Ә) Дамытушылығы: Оқушылардың нақты және жүйелей ойлау қабілетін арттыру, сабаққа деген ынтасын арттыру.
Б) Тәрбиелілігі: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, тазалыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу.
Көрнекі құралдар: плакаттар, видеопроектор, презентациялар, оқулықтар.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі (3-5 минут)
Үй тапсырмасын тексеру (10-15 минут)
Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру. (5-6минут)
Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін анықтау(3-4 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру. (35-40 мин)
Өтілген тақырыпты қорытындылау(5 мин)
Оқушыларды бағалау және үй тапсырмасын беру (5-мин).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сәлемдесіп болғаннан кейін оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап , сабақта жоқ оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Еске түсіру» сайысы болып табылады. Бұл жерде топтар арасында шапшаңдық қажет.
1888 жылы электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынған ғалым? (орыс ғалымы Александр Степанович Попов)
Интерференция дегеніміз не? (кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып бір немесе бірнеше толқынның қосылуы)
Электромагниттік толқын дегеніміз не? (вакуумда немесе кез келген ортада электромагниттік
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>