Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастары

Страницы: 1 | 2  >  >>

Биология 6 "а " сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастарының тобына енетін өсімдіктер .
түрлері мен ерекшеліктеріне сипаттама беру, олардың
адам өміріндегі пайда, зияндарын үйрету.
Дамытушылығы:
Оқушылардың өз өлкесінде өсетін өсімдіктер жайындағы
білімдерін молайтып, өз ойларын толық айта білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелілігі:Оқушылардың пайдалы өсімдіктердің қасиеттерін біліп,
өсіп-көбеюіне жағдай жасауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Өткізу әдісі: түсіндіру, талдау, бекіту, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастарының тобына енетін өсімдіктер туралы тірек сызбалар, түрлі көрнекілік суреттер жинағы,
интерактивті тақта, электронды оқулық, тест тапсырмалары, кеппешөптер, үлкейткіш қол әйнегі, микропрепараттар мен микросроп.
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
2. Сынып оқушыларын топқа бөліп, топ жетекшілерін тағайындау.
3. Психологиялық дайындық жасау
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау
Лездемелік сұрақтар беру
1. Асқабақ және орамжапырақ тұқымдасы қай класқа жатады?
2. Асқабақ және орамжапырақ тұқымдасының қанша түрі бар?
3. Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі?
4. Қияр,қауын қай тұқымдасқа жатады?
5. Асқабақ туралы не білеміз?
6. Гүлдерінің ерекшеліктері?
7. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктерді ата?
8. Орамжапырақ тұқымдасы көкөніс өсімдіктерін ата ?
9. Жабайы шомыр гүлінің формуласы?
10. Асқабақ тұқымдасының жемісін ата ?
11. Орамжапырақ тұқымдасының жемістерін ата?

Жаңа сабақ:
27. Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер тұқымдас

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: