Сабақтың тақырыбы: Рационал теңдеулер. Бөгде түбір.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал теңдеулерді шешуді үйрену және жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
Дамытушылық: Оқушылардың рационал теңдеулерді шығаруға ықпал ету; тақырып бойынша білімдерін тереңдете отырып, қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді шығара білуге, дәлдікке үйрету;
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыру, ақыл - ойын дамыту; ұқыптылыққа баулу; мұғалімнің және оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, өз бетімен жұмыстануға, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс - тәсілдері : Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс), оқытудағы басқару және көшбасшылық,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, дарынды және талантты балалармен жұмыс, СТО, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылардың топ болып жұмыс істейді, топтық белсенділкке қол жеткізеді. 2. Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі. 3. Оқушылар рационал теңдеулер түрлерімен танысады;
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру Топқа бөлу Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылармен амандасу; Сыныпты түгендеу; Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топтарға бөлу (түрлі-түсті қима қағаздар арқылы үш топқа бөлінеді).
І топ: Рационал теңдеулер (сары түсті)
1І топ: Бүтін рационал теңдеулер (көк түсті)
ІІІ топ: Бөлшек рационал теңдеулер (күлгін түсті)
Білімге жетілмейтін үш жол бар:
Еліктеу жолы - ең жеңіл жол,
Ойлау жолы - ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы - ең қиын алыс жол. Конфуций
Үй тапсырмасын тексеру:Иа, оқушылар үйге қандай тапсырмалар берілді? Есеп, ереже жаттау. Тақтаға 3 оқушыны шығару 5 минут 5 минут
Қызығушылықты ояту Миға шабуыл. Өткен сабақты пысықтау
Рационал теңдеу дегеніміз не?
Рационал теңдеу неше түрг
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>