39 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ
Ашық сабақ тақырыбы:
РАЦИОНАЛ САНДАРДЫ АЗАЙТУҒА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
6 "Б" класс
Пән мұғалімі: Ерубаева Р. С.
Ақтөбе 2016 жыл
6 сынып Математика Ерубаева Р. С.
Өткізілетін күні: 23. 11. 2016ж.
Сабақтың тақырыбы: РАЦИОНАЛ САНДАРДЫ АЗАЙТУҒА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды азайтуға берілген тақырып көлеміндегі оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, тыянақтау, біліктілік дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде ұштастыра отырып, жан - жақты ойлау, жылдам есептеу, есте сақтау, топпен жұмыс жасау қабілеті, ақпаратты көзбен және түйсіну арқылы қабылдау қабілетін дамыту, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, алғырлыққа, топпен және өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Белсенділіктерін арттыру, нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: жеке және топпен жұмыс, деңгейлік есептер
Көрнектілігі: cлайдтар, түрлі түсті қарындаш, таратпа материал
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1-қадам: Ұйымдастыру. Үй жұмысын тексеру
2-қадам: Миға шабуыл
3-қадам: Кім тапқыр?
4-қадам: Тез есептей білеміз бе?
5-қадам: Оқулықпен жұмыс
6-қадам: Сергіту
7-қадам: Бағалау, қорытындылау
8-қадам: Үй жұмысы
I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Үй жұмысын тексеру
II. Миға шабуыл.
Рационал сандар қалай азайтылады?
а-
Страницы: 1 | 2 > >>