Работа с природными материалами

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бекітемін:. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Баланы табиғи материалдардың түрлерімен таныстыру. Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Табиғи материалдардан әртүрлі бұйымдар,бейнелер жасап үйренудің әдіс- - тәсілдерін үйрете отырып, табиғи материалдардың қасиетін меңгерту.
Түзете-дамытушылық: Табиғи материалдармен жұмыс жасау арқылы баланың ойлау, іскерлік, шеберлік қабілеттерін дамыту, әсемдікке, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелілік: Баланы ұқыптылыққа, реттілікке баулу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, т. б.
Құрал - жабдықтар: дәндер, тастар, А4 қағаз, табиғи материалдар, гипс, қылқалам,салфетка,желім, гуаш, т. б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Сәлемдесу. Мұғалім: Қайырлы күн!
Бала: Қайырлы күн!
Бірге: Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын! -Жарайсың !
II. Жаңа сабақ. Табиғи материалдар туралы жалпы түсінік беру.
Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс балалардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді. Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қолөнер бұйымдарын жасауда қолданылатын табиғи материалдардың түрлері көп. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері бұйым жасауда таптырмас материалдар. Мұндай жұмыстарды жасату барысында балаларға жұмыс жасатумен қат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: