Психологиялық ойындар
" Суреттерді аяқтайық " жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
"Түрлі - түсті алмалар " жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл алма , қызыл алма мен жасыл алманың ортасына үлкен сары алма сал , ал қызыл алманың жанына кішкентай жасыл алма сал .
" Менің көңіл-күйім " жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге апта бойы болған өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
"Мен басқаның көзімен"
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .
" Атомдар мен молекулалар "
Әр қатысушы- жеке атомдар . Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .
" Сыйқырлы қобдиша " ойыны
Қобдишада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар . Бала көзі жұмып , қобдишадағы заттың дәмін татып,оның қай жеміс екенін,дәмі, исі,формасы,түсі жайында ажырата баяндайды .
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп,ортаға салады , өзгелерм
Страницы: 1 | 2 > >>