16 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:
:: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеттері.
Мақсат:
Жаңа білім
:: Қатынас
::Теңдік ұғымдарын еске түсіреді, пропорция мен қатынастың сәйкестігін табады. Пропорцияның негізгі қасиеттерін біледі.
Жаңа түсінік
:: Пропорция екі немесе бірнеше тура теңдігі екенін түсінеді.
Қолданым әрекеті
:: Теңдеулер шешуде пропорция пайдаланып есептер шығарады.
Талдау әрекеті
:: Пропорция қасиетінің мәнін талдайды, шешу жолдарын айырып таниды.
Шығармашылық әрекет
:: Пропорция мен теңдіктің байланысын анықтайды.
Бағамдау әрекеті
:: Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу. ( 10 мин. ).
ІІ. Алғашқы бекіту. (6 мин. ).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин. ).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (6 мин. ).
V. Бағамдау - бағалау (3 мин. ).
Оқыту әдісі:
Репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
:: Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:
:: Белсенді танымдық.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
:: Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
:: Пропорция, пропорцияның ортаңғы және шеткі мүшелері
Сабақты бағалау:
:: Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша баға (бонус) ШӘ блогы үшін беріледі.
САБАҚ БЛОКТ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>