Программа по физике 8 класс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жылу, электр және жарық құбылыстары

Таңдаулы курсының бағдарламасы
8 сынып
Мустафина Г. К. Шығыс Қазақстан облысы,Жарма ауданы, Шуақ ауылы,21 кешкі мектебінің физика пәні мұғалімі
Пікір
Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқытуда және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізуде осы ұсынылып отырған материалды қолдануға болады. Сол кезде оқушылар физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғынады, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйренеді. Үздіксіз іздену нәтижесінде ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеруге қол жеткізеді. Осындай бағдарлама оқушылардың болашақта физика мамандығын таңдауға ықпал етеді.
Түсінік хат
Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушыларға қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер өқушылардың танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады.
Бағдарламаны құруда 8- ші сынып оқушыларына арналған қосымша материалдар пайдаланылады.
Мақсаты: жылу, электр және жарық құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру.
Осы бағдарламамен оқытқанда дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі - табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлға сапалы түрде түсінеді, интеллектуалды дамуын қалыптастырады және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

Бағдарламаның мазмұны
Жылу, электр және жарық құбылыстары ( 34 сағат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: