Программа лицейского компонента по физике

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«Құзіретті жас физиктер»
физика пәнінен лицей компонентінің бағдарламасы
(6-сыныптарға арналған)
АСТАНА, 2017
Пәндік-циклді білім беру комиссия ұйымдарымен ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралды.
Пікір жазған: Қ. Ө. Нұртаева – Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері
А. Н. Базарова, М. Ж. Сандыбаева, 72 мектеп-лицейі. Құзіретті жас физиктер. Авторлық бағдарлама. - Астана: 2017.
Ұсынылып отырған «Құзіретті жас физиктер» физика пәнінен лицей сыныптары үшін лицей компоненті ретінде әзірленген. Лицей сыныптарының білімдерін жетілдіру, физиканы алдын ала игеруге жол ашу жасау мақсатында ұсынылып отыр.
Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің физика пәні мұғалімдеріне және 6-сынып оқушыларына арналған.
Түсінік хат
«Құзіретті жас физиктер» лицей компонентіне арналған курс бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі 6-сынып оқушыларына физика ғылымына кіріспе ретінде маңызы зор. Аталған курс оқушылардың ғылымға қызығушылықтарын қызығушылықтарын арттыруға, жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша білімдерін жетілдіруге, әрі тереңдетіп меңгерулеріне зор септігін тигізеді. Курс сабақтарын меңгеру нәтижесінде оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтары артады, пәнаралық байланыстың дамуына әсері мол, мақсатқа жету мен ұстанымдылық сияқты тұлғалық қасиеттері және шығармашылық қабілетері қалыптасады.
Физиканы тереңдетіп меңгеру үдерісінде оқушыларды шығармашылық белсенділікке тәрбиелеу заманауи мектептегі мұғалімнің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Оқушыларды шығармашылық белсенділікке тәрбиелеудің негізгі құралдары болып эксперименттік зерттеулер мен есептер табылады.
Оқушының күрделі есептерді шығара алу қабілеті оның физика пәнін терең меңгеруін және

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: