Президент күніне арналған тәрбие сағаты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

;Елін сүйген Елбасы" атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
2-оқушы: Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 22 жыл өтті.
3-оқушы: Н. Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

Жүргізуші:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз - басшы, халқың-қосшы бол бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе "Елін сүйген Елбасы" атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: