Познавательная информатика

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Ботақара ЖББОМ» КММ
Пән мұғалімі: Алимханова И. Ж.
Ботақара 2017
Күні: 24. 01. 2017ж
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты информатика»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
Командалар
І топ – 5 а сыныбынан 4 оқушы
ІІ топ – 6 а сыныбынан 4 оқушы
ІІІ топ – 7 а сыныбынан 4 оқушы
Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
1. Кім жүйрік?
2. Сөз шебері
3. 4 сурет 1 сөз
4. Адасқан әріптер
5. Кім тапқыр?
6. Кім жылдам?
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қызықты информатика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Қызықты информатика» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім жүйрік?» деп аталатын
І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4 сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Сары конверттің сұрақтары
1. Баспа құрылғысы(принтер)
2. Компьютер теле

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: