Сынып: 7 "А"
Сабақтың тақырыбы: PowerPoint-та слайд-фильмдер жасаудың негіздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету.
Дамытушылық: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін таныстыра отырып, жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, жаңа технологияларды пайдалану жолдарын, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жігерлілігін, ынталылығын арттыру.
Сабақтың типі: Аралас сабак
Сабақтың түрі: Зертханалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
Компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиалық проектр, Электронды оқулық, карточкалар, плакат суреттер
Сабақтың өту кезеңдері:
8 кезең. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқу құралдарын бақылау, кабинеттің гигиеналық талапқа сай болуы тексеру.
2 кезең. "Жүзден жүйрік" (Өтілгенді қайталау)
Ойын шарты былай: Ойынға бірнеше оқушылар шығып сұраққа жауап береді. Жауап берген оқушы үйге берілген тапсырманы жақсы меңгергеніне қарап баға қоямын.
1. Блокнот дегеніміз не?
2. Блокнот программасын қалай іске қосамыз?
3 кезең. Жаңа сабақ
Презентацияны құруда мынадай тәсілдер қолданылады.
1. Безендіру стилі бар, дизайн шаблондарын пайдалану.
2. Бұрын құрылған презентацияның дизайнын қолдану. (мысалы кейбір мекемелерде бір стиль қолданылады. Мұндай жағдайда қайта-қайта безендіру жұмысын жүргізбес үшін бұрынғы презентацияның безендірілуі қолданылады)
3. Жаңадан бастау, алдымен текст енгізілдеі де, содан соң дизайнмен жұмыс жүргізіледі.
Егер пр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>