Тақырыбы: Polyglot
Өткізілу түрі: конкурс
Шараның мақсаты
Білімділік:
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.
Дамытушылық:
Студенттердің тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру; логикалық ойлауды, есте сақтауды, ауызекі сөйлеу тілін, аударманы жылдам, жүйелі түсінуді дамыту.
Тәрбиелік:
студенттерге бір-бірін мұқият тыңдауды үйрету; сөздік қорын молайту; олардың елімізге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру; басқа елдің салт-дәстүрлерін құрметтеуге; ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу; тілдерді үйренуге деген қызығушылықты арттыру.
ШАРАНЫ ЖАБДЫҚТАУ
Көрнекті құралдар: Қазақстан, Ресей және Ұлыбритания елдерінің туы, үш тілде мақал-мәтелдер, Қазақстан елтаңбасы, интерактивті тақта, слайд, буклет, суреттер, түрлі-түсті фломастерлер, А4 форматта ақ қағаз, үлестірмелі карточкалық тапсырма, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Шараның жоспары:
1) 1 Кезең: "Сергіту сәті" (Riddles - Загадки).
2) 2 Кезең: "Мақалды жалғасын тап" (Complete the proverbs, дополните пословицы).
3) 3 Кезең: Тіл туралы өлең оқу (Read the poem, чтение стихов).
4) 4 Кезең:Үй тапсырма. ( Draw and tell about your emblem, нарисовать и защитить эмблему)
5) 5 Кезең: "Бәйге". (Answer to the questions, ответьте на вопросы).
6) 6 Кезең: "Кім тапқыр?" (Write essay, написать эссе).
7) 7 Кезең: "Полиглот"(Translate given sentences, переведите предложения)
Шараның мазмұны
1. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>