Патшалық Ресейдің әкімшілік-әскери отарлау саясаты

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

уынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды бекіту тұтқасы орыс әкімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мұсылман дінін уағыздаушылардың қызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретін ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті.
Елде орын алып жатқан территориялық-әкімшілік үрдістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзгерістер әкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің ұлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін көшпенділер құрады. Мәселен, 1880 жылы 90,5 құраса, 1897 жылы 82,0 -ға жетті.
























5. Патшалық Ресейдің отарлау саясатының зардаптары
1867-1868, 1886 және 1891 жылдардағы реформалар Қазақстанды бiрден-бiр отар елге айналдырды. ХIХ ғасырдың 50 -- жылдарының басында қазақ даласының билiгi Сыртқы iстер министрлiгiнен алынып, Iшкi iстер министрлiгi мен әскери министрлiкке берiлдi. Сөйтiп, Қазақстан халықаралық субъект құқығынан айырылды. Азаматтық және әскери әкiмшiлiк бөлiнбей, ол жаулап алушылық бағыт-бағдарда қызмет iстедi. Қазақтарға қысым жүргiзу тек ұлттық тұрғыдан ғана емес, дiни тұрғыдан да жан-жақты жүргiзiлдi. Iс қағаздары, ауылдық деңгейдiң өзiнде орыс тiлiнде жүргiзiлетiн. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша патша өкiметiнiң әкiмшiлiк мекемелерiне сот билiгi құқығы берiлдi. Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған ережелер бойынша әскери соттық комиссиялар құрылды. Олар мемлекетке опасыздық, өкiметке қарсы үгiт, пошта мен көлiкке шабуыл, христиандарды және христиан дiнiне кiргiсi келгендердi, сондай-ақ, лауазым иелерiн өлтiру сияқты қылмыстық

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: