Патшалық Ресейдің әкімшілік-әскери отарлау саясаты

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

на кірген жерлерді жан-жақты зерделеу, табиғи ресурстарды барлау, Орск бекінісінің имаратын салу, орыс және қазақ иеленушілерінің арасындағы жаңа шекараны анықтау кірді. Бірқатар себептер және ең алдымен 1734-1738 жылдарда Башқұрт көтерілісі Орынбор экспедициясының 2 кеңейтілген жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасады. 1735 жылы орыс-қазақ саяси және сауда өзара қарым-қатынасын дамытуда маңызды мағынаға ие Орынбор қаласының негізі қаланды.
2. Әскери бекіністер мен шептердің салынуы
XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери - отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.
Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда "Святая Наталья" галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И. Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты. 7,58-бет
1715 жылғы бірінші қазанда И. Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.
Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: