Сабақтың тақырыбы: «Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командалары орындай алу қызметін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушы білімін бекіту.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп-саралап оқыту.
Сабақтың түрі: практикалық
Пәнаралық байланысы: геометрия, бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, слайд, семантикалық карта, сөзжұмбақ, ребус, үлестірме қағаздар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайталау сұрақтарына оқушылар интерактивті тақта арқылы көрсетіп, жауап береді.
1. «Paint» программасын іске қосу командасы?
2. «Paint» программасының терезе элементтері?
3. Суретті сақтау командасы?
4. Сурет салу қанша кезеңнен тұрады?
ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар.
Ô
ð
$
Страницы: 1