абы қай дыбыстан басталған?-П
П әрпінің баспа түрімен таныстыру. Баспа әріпті қай кезде қолданамыз?
ІV. Жаңа сабақ
Балалар біз, бүгін "П" дыбысымен және әрпімен танысамыз.
"П" дыбысын айтып көрейікші, қалай айтылады?
Созылмайды, дауыс қысылып шығады.
Дауыссыз дыбыстар алфавитте көк түспен белгіленеді.
"П" дыбысы бар сөздерді айта отырып сөз басында, ортасында, соңында кездесетінін аңғарту
Алдыңғы сабақта өткен "А" дыбысына "П" дыбысын қосып буын жасау
Па - буындарымен танысып, оларды дұрыс оқуға үйрену
Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Оқулықпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрмыз?
Піл
"Піл" сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?-П
Піл сөзіне дыбыстық талдау жасау
А дыбысыны па буынын қосып, апа сөзін құрау, дұрыс оұуға дағдыландыру
Жаңа сөз - апа - сөзінің оқылуын есте сақтау
Сурет бойынша сөйлемдер құрау
Парта, дәптер, кітап - сөздерін буынға бөлу, бұл сөздерде п дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Сурет бойынша сөйлемдер құрау
Сөздерді алдымен буынға бөліп, сонан кейін тұтас оқу
Баған бойынша сөздерді буынға бөліп, сонан кейін тұтастай оқу
V. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта қай дыбыспен таныстық?
- Қандай буынмен таныстық?
- Қандай сөздер үйрендік?
VІ. Бағалау
Сабақта белседілік танытан оқушыларға тиісті бағаларын қою.
VІІ. Үйге тапсырма беру.
"П" дыбысынан басталатын 20 сөз ойлап келу.
37 беттегі сөздерді буынға бөліп және тұтастай оқуға дағдылану
Страницы: << < 1 | 2