Қозғалысқа берілген есептер

Страницы: 1 | 2  >  >>

Г. C. Aнaрбaeвa
"9 мектеп-лицейі" КММ физика және математика пәнiнiң мұғaлiмi
Қaрaғaнды oблыcы, Тeмiртaу қaлacы

Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептер.
Мақсаты: есептің жаңа түрімен таныстыру; терминдерді дұрыс қолдана алуға үйрету; дұрыс, жылдам есептеуге дағыдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
1. 350 санын 20 есе арттыр. (7 000)
2. 86 мыңнан 4 бірлікті азайт. ( 85 996)
3. Ең үлкен бес таңбалы санды жаз. (99 999)
4. 267 саны 198 санынан қанша артық? (69)
5. 2 766 санын 6 жүздікке кеміт. (2 166)
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
v - жылдамдық
t - уақыт
s - қашықтық

t s : v
Уақытты табу үшін, қашықтықты қозғалыс жылдамдығына бөлу керек.
S v t
Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
v s : t
Қозғалыс жылдамдығын табу үшін, қашықтықты уақытқа бөлу керек.
2. Есепте:
Жылдамдық 1сағ 20мин: 5 5сағ 28мин: 3
Уақыт 6сағ 40мин: 4 1сағ 40мин: 4
Қашықтық 1тәу 2сағ :6 8тәу 4сағ:7
3. Ауызша есептеу. Жаяу адам сағатына 5 км жүрсе 2 сағатта қанша км жүреді?
5км/сағ :: 2сағ 10 км
Ә. Машина сағатына 90км жол жүрсе, 4 сағатта қанша км жүреді?
90км/сағ :: 4сағ 360 км
Б. Трактор сағатына 10км жол жүрсе, 5 сағатта қанша км жүреді?
10км/сағ :: 5сағ 50 км

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: