Ойын және музыка

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: " Ойын және музыка"
Мақсаты: Баламен музыкалық ойын ойнау, эмоциялық қалпын көтеру. Емдік әуендерді тыңдау арқылы қабылдау мен зейінді дамыту.
А. Моцарт "Маленькая серенада"
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, дамыта - түзету, қайталау.
Көрнекі-құралдар: күйсандық, үнтаспа, слайд, дыбыс шығаратын ойыншықтар.
А. Моцарт "Маленькая серенада" шығармасын тыңдау.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.
II. Негізгі бөлім: Психожаттығу: -Қорбандап жүрген аюдың жүрісін салайықшы.
-Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз
III. Жаңа сабақ. Бугінгі сабақта күз мезгілімен танысамыз. Музыка балаға оның ерте даму кезеңдерінен бастап әсер етеді. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуының басты ірге тасы балалық шақта қаланатындығын естен шығармау керек, ал музыка дамуы жеделдетуші жақсы құрал болып табылады. Баланы музыкалық дамыту табиғи түрде және мәжбүрсіз жүзеге асырылуы керек, яғни ойын формасында. Балалардың өзіндік музыкалық қызметін дамытудың маңызды құралдарының бірі - музыкалық дидактикалық ойындар болып табылады.
"Балақан да алақан" ойыны.
Ойын шарты: Балалар дөңгелене шеңбер жасап отырады. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып, өлең айтады. Алақандарын басқалардан бөлек, жаңылыс соққандар, не басқадай бір қылығымен ойын тәртібін бұзғандар ән айтады, билейді.
Кел балалар, шапалақтап
Алақанды ұрайық.
Жаңылғанды ортаға ап,
Бір өнерін сұрайық.
Қ - сы
Ла - ла - ла - ла,
Балақан.
Ла - ла - ла - ла,
Алақан.

Айып тартсақ саспайық,
Қысылмайық қиналып.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: