Ойын әдісі

Страницы: 1

Ойын әдісі.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой - өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс - әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.
Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады. Олар:
1 . Қазақ тілінде ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;
2 . Оқушыларды тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
3 . Жағдаяттар туғызып, іс - әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор.


Ақсу ауданы. СШ Қызылжар Букенова А. Ж.




Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: