Ойын арқылы баланың тілін дамыту

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қолқимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу іс - әрекеті барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу іс - әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу іс - әрекеті барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста. Ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек.
Үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Балалар ойын арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді және үлкендер де үйретуге тиісті. Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар, ғалымдар "Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын - жаман жұмыс сияқты" деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады.
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта б

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: