Жанат Ибраева
Әулиекөл ауданы, "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі.
Ойын арқылы балаларды тәрбиелеу.
Халқымыздың "Баланы ойын өсіреді" деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет ғұрып ұлттық ерекшелек, дәстүр жайлы таным-түйегі қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп нақты қортынды алуға көмектеседі. Ойынайтын алдында баланы жан-жақты ойлануға, өз пікірімен санасуға, балалармен тіл табысып, тез арада шешім қабылдауға, ойынды бірге ойнауға, Ойын балалардың жас ерекшеліктеріне сай келмесе, олар ол ойынды дұрыс ойнамайды. Сонымен қатар бала ойынап белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, және ойнағанда өзіне де баға бере алады, мен дұрыс жасадым ба деп ойланады. Әрбір ойын-балалардың адамгершілік жолындағы бір көтерілер баспалдағы секілді. Ойын ұйымдастыру жағынан қарапайым болғанымен, көбірек қеңесті талап етеді. Данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл Фараби айтқандай,"Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады" деген.
Страницы: 1