"Ойлай отырып, ойнайық!"
Өткізілген күні:11. 11. 2015 жыл Тақырыбы: "Ойлай отырып, ойнайық!"
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Сабақ түрі: ойын түринде өткізу, тренинг сабағы
Сабақ әдісі: ойын түрінде өтеді
Қажетті құралдар пайдаланатын: суреттер, слайд көрсету.
Ұйымдастыру:
Тренинг барысы және ережесі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.
Күлімсіреу;
Бір - біріне кедергі жасамау;
Өзгенің пікірін сыйлау;
Сөзді бөлмеу, тыңда;
Барысы:
"Достық тренингі". Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында "достық шеңбері" пайда болады.
ІІІ. "Шеңберді бұзып кір!". Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Олардың біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады және бір - біріне тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен, күшпен, айла - амалмен шеңбердің ішіне кіру керек.
ІV. "Белсенді әріптер".
Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталады.
Талдау жүргізу
Балалар, ойын ұнады ма? Жауап беру қиынға соқты ма?
V Түрлену
Шарты: берілген әр түрлі аңда
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>