. Су электр станциясы судың сарқырап аққан күшін пайдалану арқылы жұмыс жасайды.
4. Жел электр станциясы атмосферадағы ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланады.
5. Геотермиялы электр станциясы жер астындағы энергияны пайдаланады.
6. Толқынды электр станциясы теңіз бен мұхит толқындарының тасқынын пайдаланады.
7. Күн электр станциясы гелиоқондырғылар арқылы тура түсіп тұрған күн сәулелерінен энергия шығарады.
2. "Пәтер электр жабдықтары"
Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?
4 элементтен тұрады. Оны шартты белгілермен көрсетеміз.
1. Тоқ көзі 2. Тоқ өткізгіш 3. Қосып - ажыратқыш 4. Қабылдағыш. Бұл қарапайым электр тізбегі.
Ток өлшегіш құрал, электр шамы, қосып - ажыратқыш, розетка, электр қоңыраулары үйдің электр жабдықтары.
3. Электр энергиясын үнемдеу
Электр энергиясын үнемдеуде қазіргі кезде ықшам люминицентті шамдарды қолдану ұсынылуда.
Қарапайым қыздыру шамдарының орташа қызмет мерзімі - 1000 сағат, ЫЛШ - да ол 15000 сағатты құрайды! Жоғары құнына қарамастан, жалпы ЫЛШ қарапайым қыздыру шамынан үнемді.
Бұл шамдар егер жарамсыз болған жағдайда адам денсаулығына қауіпті екендігі дәлелденіп отыр. Шетелде оларды іске аспай қалған соң арнайы салатын жәшіктерге салып жөнелтеді екен, ал бізде ол жағы қарастырылмаған. Сондықтан бұл шамдардың қауіптілігін ескерген жөн.
:: Қуат үнемдейтін шамдарды пайдаланыңыз. Қуат үнемдейтін шамдар дəстүрлі қызу шамдарына қарағанда, қуатты 80- ға аз тұтынады əрі 8 - 10 есе ұзақ қызмет етеді.
:: Табиғи жарықтандыруды ескеріңіз.
:: Перделер, түсқағаз ашық түсті болса, терезе үлкен болса, бөлме іші жарық болатынына назар аудар.
:: Қазіргі заманғы электр аспаптары аз қуат тұтынады. Жабдықты "stand by" режимінде (күту режи
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>