Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру

Страницы: 1 | 2  >  >>

Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас ұланға білім беретін, оның ой – қиялын дамытатын, рухани дүниесін нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің «Ана мектебінен» яғни отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың, жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады. Осы жұмыстардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін пән «Сауат ашу» пәні болып табылады.
«Сауат ашу» пәні - бастауыш білім беру процесінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Пәннің негізгі мақсаты - оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту болып табылады. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстары әліппе кезеңінің негізгі міндеттеріне жатады. Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық – әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсіп, мәнерлеп, шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі.
оқушының дағдысын қалыптастыру негізінде оқығанды қабылдау түсіну мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді. Оқу - жазудың бірін

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: