Баяндама:
Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ғылым мен техника дамыған кезеңде оқушыға белгілі көлемде білім, білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.
Математиканың негізін меңгертуде математика пәнінің мұғалімі өз пәнін терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеруі, математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздерінен хабардар болуы керек.
Оқыту барысында теориялық материалды практикамен байланыстырып, есептерді шығартқанда оқушыға түсінікті, жете меңгеретіндей мүмкіндіктерді таңдап білім деңгейін анықтап,талдап, кемшіліктерін толықтырып отыру керек. Оқушының математикалық ойлау қабілетін дамыту , теориялық білімін тереңдету, практикалық есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру , оларды бұл ғылымның сырын ұғуға икемдеу мақсатында қабілетті , дарынды оқушылармен көптеген жұмыстар жүргіздім.
Қабілетті оқушылардың математикалық даму дәрежесі есеп шығарудан байқалады. Кез-келген есепті шығару оқушыдан үлкен еңбекті, ерен күшін, табандылығын, төзімділігін , сенімділігін талап етеді. Оқушыны іс-әрекетке бейімдейтін , ақыл-ойын дамытатын құрал-логикалық қызықты есептер, олимпиадалық есептер т. б.
Ойын есептері , математикалық жұмбақтар , ребустар, софизм, логикалық есептер сыныптан тыс жұмыстардан бастап есептер шығару үшін қажеттіліктерді ой елегінен өткізіп бір тұжырымға келіп ой қорыту нәтижесінде ойын топтап, ақыл-ой әрекетін дамытады.
Дарынды оқушылардың дүние танымын кеңейту шығармашылық қызметке баулу , ізде
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>