Отбасындағы қуаныш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: "Денсаулық" "Таным"
Бөлімі: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: "Отбасындағы қуаныш".
Мақсаты: "Бақыт", "қуаныш" құндылықтарының мәнін түсіндіру. Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету. Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту. Отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Билингвальдық компоненті: бақыт - счастье, қуаныш - радость,
қамқорлық - ,
сыйластық - уважение.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп -
талаптану
Балалар қол ұстасып, шеңберге тұрып, Е. Өтетілеуовтің "Біздің шаңырақ" өлеңін тәрбиешімен бірге қайталайды.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар.
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар. . .
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балалар жайланып отырып, көздерінді жұмып өздеріңнің отбастарыңды, үйлеріңді көз алдарыңа елестетіңдер.
Тәрбиеші: Көздеріңді жайлап ашып, ойларың, сезімдеріңмен бөлісейік.
Ә. Табылдының "Арұлан" әңгімесін кідіріс жасап, сұрақ қоя отырып оқып береді.
Балабақшаға Арұланды 3-сы-ныпта оқитын Аружан әпкесі ертіп келіп жүр. Ол өте пысық бала. Әпкесі оятпаса да ерте тұрады. Өзі жуынып, шашын тарайды. Арұланды балабақша-ға кім әкеліп жүр? Таңертең Арұланды кім оятады? Тұрған соң ол не істейді? Ол киініп, арқа қоржынын асынып, қара-қаттай көзі күлімдеп:
- Әпке, мен дайынмын! - дейді.
- Айналайын үніңнен.
- Айналайын күнім! - деп, Аружан оны балабақшаға ертіп келеді де, оның маңдайынан сүйеді.
Аружан інісінің қай ісін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: