Ересектер тобына арналған 
ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу жоспары
Өтпелі тақырып: "Менің отбасым". 
Тақырыпша: Отбасым - байлығым. 
Күні: 12. 01. 2019 ж. 
Білім беру саласы: Коммуникация. 
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту. 
Бағдарламалық міндеттер: Сурет бойынша ата, әже, әке, ана, қыз, ұл деген сөздерді үйрету. "Мынау кім?" деген сұраққа жауап бере алуға үйрету. 
Материал: Отбасының суреті, үлестірмелі суреттер, жұмыс дәптері. 
Билингвалды компонент: Мынау кім? - Кто это? Мынау ана - Это мама, Мынау әке - Это папа
Мынау ата - Это дедушка, Мынау әже - Это бабушка, Мынау әпке - Это старшая сестра, Мынау аға - Это старший брат, Мынау іні - Это младший брат, Мынау қыз бала - Это девочка; Қызы - Дочь, Мынау ұл бала - Это мальчик; Ұлы - Сын. 
 Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Педагог балаларды таңғы шеңберге тұрғызып, орындайды. 
П: - Қуанамын мен де,
 Қуанасың сен де. 
 Қуанайық достарым,
 Жарқыраған күнге. 
Б: - Қуанамын мен де,
 Қуанасың сен де. 
 Қуанайық достарым,
 Жарқыраған күнге. 
П: - Сәлеметсіздер ме, балалар!
П: - Бүгін аптаның қай күні?
Б: - Бүгін аптаның сейсенбі күні. 
П: - Педагог топтағы балаларға ата, әже, әке, ана, қыз, ұлдың суреттерін жеке-жеке көрсете отырып, жаңа сөздермен таныстырады. 
Б: - Балалар жаңасөздерді қайталайды. 
П: - "Отбасым" тақырыбына арналған оқу қызметінің үлгісімен танысайық. Мынау ата, әже, әке, ана, қыз, ұлдың суретін көрсету арқылы "Мынау кім?" деген сұраққа жауап беріңдерші. 
Б: - Мынау ана. Мынау әке. Мынау інім. Мынау ағам. Мынау қарындасым. 
П: - Отбасында тағы кімдер болады?
Б: - Ата, әже, тәте, сіңілі. 
Тіл дамыту. 
Анаңа еріп келдің сен,
Әкеңе еріп 
		Страницы: 1 | 2 > >>
