Отбасылық салт-дәстүр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: «Отбасылық салт-дәстүр»
Мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
сөздері жайында мағлұмат беру.
Ата-аналардың бір-біріне деген көз қарасын кеңейту.
Көрнекілік құралдар: Бесік, үй суреттері, сиқырлы қоржын, асықтар,
гүлдер, сыйлықтар т. б. , билеттер дайындау,
хабарлама жасау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы: Жылу беру «Жылы лебіз» Төрт топқа бөлу, әр топ өздеріне ат қою.
Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар,оқушылар!
Бар асылын халықтың
Құйған сана ойына
Туған тілім өркенде
Баса берші күшті, көркемде
деп өзіміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді зор ілтипатпен бағалап, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңартып, білмегенімізді білейік. Ата-бабамыз айтқандай «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа дегендей бүгінгі салт-дәстүр отбасында» - атты сайысымызды бастайсыз.
Бірінші сайыс – «Сәлем беріп, отбасын таныстыру» - ерекшелігін тоқталып, тәрбие мен мәдениетінің ұстанымын жарнамалайды.
1. Ата-ана – оқушы.
2. Ата-ана – оқушы.
3. Ата-ана – оқушы.
4. Ата-ана – оқушы.
Енді қатысушыларды (ойынға) сараптаушы әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Екінші сайыс: «Білгенге маржан»
Алдын ала дайындалған үш-төрт конвенртке мақалдың бір қатары ғана жазылған, «Ердің аты. . . », «Еңбенктің . . . », «Ел болам десең. . . », «Анасын көріп. . . », т. б. жалғасын табу керек.
Қазылар алқасы сайысты бағалайды.
Сайыс арасында ән шашу «Қазақы дастарханым»
Үшінші сайыс : Сиқырлы дорбадан нөмірленген асық алып, тапсырма беру.
1. Киіз үй жабдықтары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: