н сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі. Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі Чехтің ұлы педагогі Ян Амос Каменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп, қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы "Ана мектебі" деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсіністіктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: "Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек". Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 сөзінде: "Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?" деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.
Қазақ ағартушысы С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің "Баланы семьяда тәрбиелеу" деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді. Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келеді. Қазіргі қоғамда отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал ететін негізгі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>