Отбасы. Жайлауда

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Жайлауда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санымен таныстыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу. Отбасы мүшелерімен, туыстық атаулармен таныстару.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Отбасы мүшелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге, ізгілікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы. .
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Өткен тақырыпты еске түсіру арқылы білімдерін тексеру.
Өсімдік деген не?
Өсімдік не үшін керек?
Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
Бақта қандай өсімдіктер (ағаштар) өседі? Т. с. с.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Пікірлесу:
Жанұя, отбасы деген не?
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Атаң, апаң бар ма?
Тату отбасы деген не?
Үлкенге құрмет көрсету дегенді қалай түсінесің? Тақырыптық суретпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпты суретпен жұмыс.
Сұрақтармен жетелей отырып отбасын таныту.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: