Отбасы-алтын қазынам

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Отбасы тіршіліктің тірегі"



Сабақтың мақсаты: Ата - ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Бала тәрбиесіне байланысты салт дәстүр, мақал мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздар, слайд.
Әдістері: cұрақ - жауап, пікірлесу, тренинг.

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе.

Қазақ қоғамында отбасы-өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы маздап тұруы - үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы - ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың жан - жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата ана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
"Отан отбасынан басталады" дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Оқушылар мен ата аналарға сұрақтар:
1. "Отбасы", "Отау иесі", "Отағасы" ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?
3. Ата - анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
4. Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?

Барысы:

1. Шаттық шеңбері.
Ата-аналар мен оқуш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: