кі тауы бар.
(Түйе)
3. Әдемі түнде
Мен жүрсем жүреді бірге
(Ай)
4. Жалт-жұлт етер,
Жер бетіне жетер.
( Найзағай)
Жұмбақтар шешілген соң алғашқы әрпі арқылы сөз құрату.
(Сөзі:Отан)
Балалар Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Отан
ІІІ. Жаңа сабақ. "Менің - Отаным Қазақстан"
Оқулықпен жұмыс.
1. Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
2. Тізбектей оқыту.
Отан- адамның туып-өскен және тұратын жері. Адам ауылда, селода, қалада дүниеге келуі мүмкін. Ата-анаңның үйі - сенің өмірге келіп, ержеткен үйің. Отан от басынан басталады. Ал сенің ең үлкен нағыз Отаның - Қазақстан. Ол - Қазақстанда тұратын барлық халықтардың Отаны.
Қазақстан - үлкен ел. Мұнда өзен, көл, орман, жазықтар, таулар бар. Қазақстанда ауылдар мен қалалар көп. Кең-байтақ жерімізде Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Қазақстан өсімдіктер мен жануарларға бай. Бұл байлықтың бәрін халық пайдаланады.
Тауда қарағай мен шырша, жеміс-жидек өседі. Онда барыс, арқар, аю сияқты түрлі аңдар тіршілік етеді. Орманда емен, үйіңкі, қайың,қарағаш, терек ағаштары бар. Жазық далада қызғалдақ, қоңыраугүл, беде,жалбыз,селеу, және басқа да өсімдіктер өседі. Ал жануарлардан қасқыр,түлкі, қоян, киік, құлан, қарақұйрық тәрізді аңдар жүреді.
Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі. оны қорғай білуіміз керек.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана,
Отан - үлкен.
Қазақстан - туған ел.
(Ермек Өтетілеуұлы)
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Сен қайда тұрасың?
2. Отан туралы өлеңді жаттап ал.
3. Отан деген не? Түсіндір.
Күрделі тапсырма.
4. Суретке қарап, Қазақстан туралы әңгіме құрастыр.
5. Сен Қазақстан туралы тағы н
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>