Отаным -Қазақстан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


ШҚО, Абай ауданы, " М. Әуезов атындағы орта мектебі " КММ








Сабақтың тақырыбы : Отаным менің - Қазақстан

Сабақтың типі : Дамытпалы танымдық сабақ

Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгерту


Сыныбы : 1

Оқытушы : Каракабакова Рысжан Догалбековна













2015-2016 оқу жылы



Сабақтың мақсаты:
Жас ұрпақты Отанды сүюге , еліміздің рәмізддерін құрметтеуге, отанымыздың бай қуатты екенін мақтан етуге, туған еліне , жеріне сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың тәрбиелік мәні : Оқушыларды ұлтжандылыққа , адамгершілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Дамытпалы сабақ
Сабақтың әдісі : Сұрақ - жауап , баяндау, ауызша журнал,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : Қазақстан Республикасының картасы , Н. Ә. Назарбаевтың портреті,
ҚР рәміздері,Отан туралы мақалдар.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан - кең байтақ , ата-бабаларымыздан мұра боп қалған туған жеріміз. Біз жеріміздің сұлулығымен , халықтардың бірлгімен мақтанамыз. Егемендік алған елімізді бүкіл әлем таныды.
Ой шақыру
Ребус шешу: (Суреттердің басқы әріптерін қоссақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады )
Шешуі: Отан, Ана, Астана.
-Енді балалар , Отан туралы қандай өлең білеміз?
-Қане,айтып жіберейік.
(Бағжан)
Отан менің ата-анам,
Отан - досым, бауырым.
Отан- өлкем, астанам,
Отан - туған ауылым.
(Асылжан)
Бақыт елі бұл Отан,
Бәріне мен иемін.
Біздің Отан - Ұлы Отан,
Ұлы Отанды сүйемін.
- Балалар, сендер Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Қане , өз түсінігімізді айтып көрейік.

Отан
Отбасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: