Отан сүйген ұланбыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Сулеева Сауле Зейнуллиновна
Астана қаласы
68 орта мектеп




ОТАН СҮЙГЕН ҰЛАНБЫЗ
(3-сынып оқушыларына арналған "Өзін-өзі тану" пәнінен поэзиялық үлгі сабақ)
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: жауапкершілік, татулық, бірлік, отансүйгіштік.
Ресурстар: интерактивті тақта, үнтаспа, бейне таспа, ақ қағаз, маркерлер,
бейнеролик
Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі Отан ұғымының мәнін түсіндір арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға Отан ұғымы туралы түсінік бере отырып, отансүйгіштік қасиетін ұғындыру.
Дамытушылық: оқушыларды Отанға сүйіспеншілікке баулу арқылы жауапкершілік, шығармашылық қасиетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды Отанды құрметтей отырып, отансүйгіштікке, жауапкершілікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі. "5Т" ережесі бойынша ынта-зейіндерін сабаққа аудару. ( сәлемдесу, топтарға бөлу)
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Отанын сүйіп, бағалар. . .

Қаракөз:
-Біз, аман-сау халықпыз,
Бірақ, бәрін ұмытып қалыппыз.

-Демалғандарың бір жұма,
Бәрін ұмытып қалдың ба?

Қаракөз:
-Жоқ, ойын ғой мұғалім,
Бәрін оқып, шыңдалдым.

-Қой сабақты бастайық,
Қалжыңдықты тастайық.

-Бүгінгі тақырып: "Отан сүйген ұланбыз. "
-Бұл сабақты, балалар,
"Поэзиялық сабақ" болсын,
Сөздік қорларың толсын-деп
Сіздермен келісіп қойғанбыз.
Дәйек сөз: Отан үшін отқа түс - күймейсің.
Б. Момышұлы
-"Отан үшін отқа түс - күймейсің. " сөзі ақиқат.
Ерасыл:
-Отанға, болашаққа қамқор бол - деген насихат.

-"3 шапалақ" соғайық,
-Қане, мадақтап қояйық.
Әңг

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: