ярдың к түзуінен кейінгі созындысына Д нүктесінен бастап ұзындығы АД-ға тең ДА кесіндісін салу керек. Сонда к түзуіне қатысты Анүктесіне симметриялы А1 нүктесі салынды.
Топтарға тапсырма.
1. S түзуіне қатысты АВ кесіндісіне симметриялы А1В1 кесіндісін салу
2. . S түзуіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы А1В1С1 үшбұрышын салу.
3. Координаталық жазықтықтағы А(-4:2) нүктесіне ордината осіне қатысты және абсцисса осіне қатысты симметриялы нүктені тауып,координаталарымен жазыңдар.
Қорытынды:
Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады.
Оқулықпен жұмыс.
1169 1170
. 1(қосымша) Координаталық жазықтықтағы А(-4:2) нүктесіне ордината осіне қатысты және абсцисса осіне қатысты симметриялы нүктені тауып,координаталарымен жазыңдар.
. 2(қосымша)
АВС тең бүйірлі үшбұрыштың В төбесі арқылы өтетін к түзуі - оның симметрия осі. А төбесінің симметрия осінен қашықтығы 3,5 см. ВС қабырғасының ұзындығы 9 см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
Бекіту тапсырмалары.
Тест.
1. Осьтік симметриялы фигураны тап.
а) шеңбер ә) сәуле б) төртбұрыш
2. Осьтік симметрияға жатпайтын ою-өрнекті тап.
а) қошқармүйіз ә )жұлдыз б) балта
3. Квадраттың неше симметрия осі бар.
а) 2 ә) 4 б) 1
4. Квадраттың барлық симметрия осьтері квадратты неше үшбұрышқа бөледі.
а) 5 ә) 3 б) 8
-Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер, қандай пайдасы болды.
-Сабақ сендерге ұнады ма
Бағалау парақтары бойынша қорытындылау.
Үйге тапсырма 1171
Топта оқушылар практикалық жұмысты орындайды.
<
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>