Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
 Мақсаты :Оқушыларға етістіктің осы шағының негізін меңгерту. Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың таным қабілетін дамыту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру. 
Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру. Етістіктің шақтарын ажырата білуге үйрете отырып,сабақ мазмұны арқылы патриоттыққа,адамгершілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу. 
 Сабақтың түрі: Аралас сабақ
 Әдістері: түсіндіру,сұрақ-жауап,баяндау
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру 
ІІ. Өткенді пысықтау :-24-жаттығу
"Біз бейбітшілікті сүйеміз" тақырыбында әңгіме құрау
Сұрақ:-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады екен?
-Біз қандай мемлекетпіз?
-Елбасымыз өз жолдауында: "Біз өткенімізді ұмытпай,келешегімізді ойлауымыз керек. Бүгінімізді бағдарлап,жастарымызға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек"деген еді. Осы сөздегі өткеніміз,келешегіміз,бүгінгіміз деп қай кезеңдерді айтып отыр?
ІІІ. Жаңа сабақ:Осы шақ оның түрлері 
Нақ осы шақ
Нақ осы шақ қиымыл мен іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта өтіп жатқандығын білдіреді
 Ауыспалы осы шақ
Істің,процестің,құбылыстың, жаратылыста үзілмей дағдылы түрде болып тұратындығын білдіреді
 Осы шақ
Етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді:көріп отыр,өсіп тұр. Осы шақ етістіктер не істеп отырмын (жатырмын,тұрмын,жүрмін)?,не істеп отырсың (жатырсың,тұрсың,жүрсің)?, не істеп отыр(жатыр,тұр,жүр)? деген сұрақтарға жауап береді. 
Мысалы:Мен достарыммен тәуелсіздік монументінің қасында тұрмын. (Нақ осы шақ)
Біз,қазақ жастары,өміріміздің жақсы болатынына сенеміз. (Ауыспалы осы шақ)
2)Жатқа жазу 30-жаттығу
Қайрат қайрақ қайрап отыр. 
Қайрақпен балта қайрап отыр
 -Етістіктің астын сыз,оларға сұрақ қой-Етістікті үш
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
