Қосу мен азайту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту - өзара кері амалдар
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қосу мен азайту - өзара кері амалдар бойинша түсінік беру;
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, тез есептеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Білім алушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, тақырыпқа сай суреттер, ойындар, ноутбук

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Амансың ба алтын күн
Амансың ба кең далам
Амансың ба достарым
Сендерді көрсем қуанамын

Ағылшын тілінде амандасу

Біздің ұранымыз:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз,
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
Мұғалім:
Балалар бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан өзгеше болып отыр. Қонақтар келіп отыр. Сол келген қонақтармен бірге мынау буротино бірге келіпті. Бұл буротино бізге билет алып келді. Бұл билетпен біз Астана қаласына барамыз. Ал енді билетті бізге жайғана бере салмайды. Оның бізге бірнеше сұрақтары бар. Сол сұрақтарға жауап берсек біз Астанаға барамыз.
Буротиноның сұрақтары
- Қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілінің айларын ата?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Әр мезгілде неше ай бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Математика сөзі неше әріп, неше буыннан тұрады?
- Екі қандай сан?
- 4 мысықтың неше құлағы бар?
- Ағылшын тілінде 10 ға дейін сана.
Мұғалім:
Жарайсыңдар балалар, сендер буротиноның барлық сұрақтарына жауап бердік. Енді билетті алып поезге отырамыз. (сол кезде есік тоқылдап, бир оқушы кіреді)
Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Мен Астана қаласындағы &q

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: