пкершілікті арттырады.
Сабақтың негізгі кезеңдерін қамтитын презентация қоса беріледі.
Сабақ кезеңдері:
1. Ұйымдастырушылық - білім алушылардың психологиялық жағдайын оқу материалын қабылдауға және олардың алдына қойылған мақсаттарды іске асыруға жетелеу. (оқытушының сәлемдесуі, қатысушыларды тексеру)
2. Мақсатты - жалпы білім алушыларға сабақ және сабақтың жеке кезеңдерінің мақсаттарын қою.
3. Мотивациялық-материалдың маңыздылығын анықтау.
4. Коммуникативтік-тілектестік, психологиялық атмосфераны қалыптастыру.
5. Мазмұнды-қайталау, оқу, бекіту, өзіндік жұмыс.
6. Технологиялық-топ студенттерінің дайындық деңгейін ескере отырып, берілген тақырыптың материалын баяндау үшін оқытудың әртүрлі формаларын, әдістері мен тәсілдерін біріктіру.
7. Бақылау-бағалау-танымдық қызығушылықтың дамуын ынталандыру және уәждемені арттыру әдісі ретінде білім алушылардың қызметін бағалау.
8. Талдау-сабақтың қорытындысын, білім алушылардың қызметін қорытындылау және қойылған мақсаттарды іске асыруды талдау.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру сәті;
Зерттелген материалды қайталау;
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын қою;
Бар білімді пайдалану бойынша оқушылардың қызметін ұйымдастыру. Көрнекі құралдарды, презентацияны және әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жаңа материалды оқу;
Сабақ барысында алған білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекіту.
Рефлексия; студенттердің оқу материалын түсіну дәрежесін анықтау, бір мезгілде білімді меңгеру сапасын тексеру және бағалау арқылы жеке терминология мен қорытындыларды нақтылау;
Үй тапсырмасын қою және түсіндіру;
Оқытушының сабақ қорытындысын шығару және білім алушыларды бағалау
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>