Қоштасқым келмейді сүйікті балабақшаммен

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Қоштасқым келмейді балабақшаммен»
Жүргізуші 1. Құрметті ата-аналар, қонақтар,бүгін біз бірнеше жыл мәпелеген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз. Біз сіздерге жақсы хабар айтқалы тұрмыз,біздің балабақшада Болашақ жұлдыздар атты көпсериялы фильмді түсіру аяқталды.
Жүргізуші 2. Бүгін қойылым алғаш көрсетіледі және түсірушілер тобымен кездесеміз. Фильмде басты рөлдерде ойнаған әртістерімізді сахнаға шақырамыз, қарсы алыңыздар.
Балалар – вход.
Тақпақ оқу.
бала. Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім, ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
бала. Гүлге толы жан- жағым
Асыр салып жүгірдім
Өсті талап – талғамым
Көп нәрсені ұғындым.
бала. Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мектепке барам мен енді.
бала. Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз.
бала. Егемен елімнің ұланы
Қолдаймыз Отанды қорғаймыз.
Еңбекпен жеткізген жеңіске
Аталар дәстүрін жалғаймыз.
Өлең « Балалықтың бал әні »
Жүргізуші 1. Бұл фильм алғаш рет көрсетіледі және бәрімізді қобалжытатын салтанатты сәт. Фильм қызықты болу үшін, ең бірінші сәбилер тобынан бастайық. 1
Жүргізуші 2. Алғашқыда біздің балалар сөйлеуге үйренген еді, ал енді
мектепке барғалы жатыр.
- Сонымен 1- ші серия Сәбилік кезең .
( кішкентайлар тобынан балалар кіреді ).
бала. Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай
Болайықшы досым — ай.
2 бала. Сендердікі болашақ,
Өмір балғын болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
3 бала. Айтқан сөзді құпта да,
Ұстазыңды құрметте.
Дәптеріңді, күт бала,
Дәптеріңді кі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: