Қош әліппем

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

r/>Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
– Балалар, мақал-мәтел айтып беріңдер.

Оқушылар шығып, мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру.
Ана тілі:
Балалар, қандай шешендік сөздер білесіңдер?
Көрініс «Билердің кездесуі»
Ана тілі:
– Мен әліппеден оқып – білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Бәрі:Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
Хор «Ана тілі»
Ана тілі:
Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.

Мұғалім: – Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге
Бәрі: Мың алғыс айтамыз.
Мұғалім: Ендігі өлең сіздерге арналады.
Хормен:
Анам – үнім, жүрегім,
Әкем – өмір тірегім.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын!

Әжем – асыл ардағым,
Атам – дана қорғаным.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын!

Би: Мектеп вальсі
Мұғалім:
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар. Директорға, ата-аналарға сөз беру, оқушылардың сыйлығын беру.
Мұғалім:
– «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы, бір-біріңмен дос болуға үйретті.
Ән: «Дос болайық бә

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: