Қош, келдіе Әз-Наурыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Петровка орта мектебі





"Қош келдің,
Әз-Наурыз!"







Сынып: 5 "А"
Өткізген: Нурдуллаев Ерлан








2015-2016 оқу жылы
"Қош келдің, Әз-Наурыз!"

Cыныбы: 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: "Қош келдің, Наурыз!"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың салт - дәстүрін, тойларын, әдет - ғұрыптарын таныстыру; Тәрбие сағаты арқылы балаларды ата - бабамыздан қалған салт - дәстүрімізді біліп үйренуге тәрбиелеу; Сөздік қорын молайту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, оқу.
Сабақтың құралдар: плакаттар, нақыл сөздер, интерактивті тақта, суреттер, көрме.
Әдебиеттері: Нақыл, қанатты сөздер, дастархан, қазақ энциклопедиясы т. б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезең -
Уа халайық, құтты болсын мерекең.
Құтты болсын, құтты болсын берекең,
Наурыз тойы тойланады мектепте.
Қош келдіңдер мерекені көруге.
Қайырлы күн! Армысыздар, көрермендер! Бүгінгі біздің "Қош келдің, Наурыз!" атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз!
ІІ Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі: Наурыздың 22-сі - барша мұсылман халқының жаңа жылы. Наурыз - жыл басы. Парсы тілінен аударғанда "жаңа күн" дегенді білдіреді. Наурыз мейрамы ерте заманнан тойланып келе жатыр. Адамдар бұл күнге ерекше дайындалған, айналаны тазартып, бар ыдыс - аяқтарды сүт, айран немесе бұлақ суына толтырған - баршылық пен молшылықтың белгісі.
Адамдар екі қолмен қол алысып, бір - біріне жақсы тілектер білдіреді.
" Наурыз құтты болсын!", " Ақ мол болсын!" деген тілектер айтылады.
Наурыз күні киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүр бойынша ағаш отырғызылады. Наурыз көже пісірі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: