Қош келдің,Жаңа жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бекітемін:Келісемін:
"Ақбота" бөбектер"Ақбота" бөбектер
бақшасының меңгерушісі:бақшасының әдіскері:
Б. І. БайбусиноваА. Б. Мусапова






"Қуант бізді, Жаңа жыл!"
Ортаңғы "Көбелектер" тобы








Тәрбиешілер:Ж. М. Шарипбекова
Қ. Қ. Утеубаева

2016-2017
Жаңа 2016 жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші:Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата-анлар, балалар! Біз сіздерді Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Балалардың орындауында "Шырша жыры"
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін? Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.
Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар? Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі. Сиқыршы біздің балаларымыздың сізге арнаған керемет биі бар"Сиқыршылар" биі.
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз.
(Балалар жұп болып қатарға тұрып шыршаны айналады) Балалар орындықтарға отырады,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: