ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАРҚЫРАҒАН ЖАҢА ЖЫЛЫМ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАРҚЫРАҒАН ЖАҢА ЖЫЛЫМ!

(Әуен астында 2 жүргізуші кіреді).
Жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын,Ұлағатты ұстаздар,Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!!!Арсен: Бармысыздар,замандас,бауырлар,шабытты достарым.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың
Көргендер де көрмегенде арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Жүргізуші: Ертегі әлемі,қандай өзі әдемі
Жасыл шырша жанында
Барлық достар жиналды
Қане,Арсен ,байқашы
Мән беріп қарашы
Достарыңның барлығы
Үлгердіме санашы

(Әуен астында балалар кіреді)

Арсен: Бәрекелді,бәрекелді! Құрметті халайық, бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз бірге
көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Жүргізуші: Олай болса көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар
мерекелік кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер.

Ән:Бізге жаңа жыл келді.

Бізге жаңа жыл келді
Жаңа бақыт нұр берді
Жаңа жыл деп қуанып
Көлдей шалқып келгені

Жаңа жаңа жаңа жыл
Асыр салып ойнап күл
Ата анаңнын мейрімі
Жаңа жылда жаңадай

Жаңа жылға тамсанып
Сені көптен аңсадық
Әнсалайық шаттана
Бар әлемге жар сала

Жүргізуші:Балалар!Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Арсен:Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(Осы кезде әуенмен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді,Ақшақар көңілсіз)

Аяз ата:Жүр қызым жүрсеңші.

Ақшақар:Ата жіберіңізші мені!Кірмеймін мұнда , үйге қайтамын.

Аяз ата:Айналайыныма

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: