Қош бол сүйікті балабақшам

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>


Ағылшын тілін үйреніп,
Ақ сенімді ақтаймыз.
Папа - father
Мама - mother
Ағылшын тілі біз үшін,
Ана тілмен пара пар.
Үйреткен Жансая Тойлыбайқызына,
Алғысымыз мол айтар!
Қайсар: Орыс тілі сабағын,
Барлық бала сүйеді.
Шыдай алмай тосамыз,
Орыс тілі сабағын.
Здравствуйте деген сөзіне
Мөлдіреген көзіне
Жанға шуақ жүзіне қараймызда
Ертегі,тақпақ айтшы деп
Гүлсая Ерғарақызынан сұраймыз
Үлкен алғысымызды біз сізге арнаймыз.
Аян: Тамылжытып ән салдыртып үйреткен,
Жүгіріп,жүріп талай билер үйреткен
Жазира Жылқыбаққызы сізге алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүректен.
Мансур: Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Керемет қой әніміз,
Мың бұралған биіміз.
Ерекше бізде бар бір апай
Біз қараймыз таңырқай
Ән үйрендік апайдан
Ешқашанда жалықпай
Гүлсана Қыдырбайқызына мың алғыс
Малика:Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын!
- Ата аналар сіздер балаларыңыз ең алғаш балабақшаға келгенде қандай болғанын білесіздерме?
-Өздері жүріп келдіме?
-Ауыздарыңызда не болып еді?
-Ия дұрыс айтасыздар себебі балаларыңыз кішкентай болды, сол кездерін еске түсіріп көрейікші.
БИ: "БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
Малика: Тәрбиеші төзімді,мейірімді балажан
Балалықтың қылығына,кешіріммен қараған
Қуыршақ ойнап доп қуған бала тұлпар баптаулы
Әр баланың қылығы жадымызда жаттаулы-деп бүлдіршіндеріміздің тәрбиешілеріне арнаған лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ақылбек: Сүйген өз ұл-қызындай
Бөбегім деп аянбай
Мәпел

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: