Қош бол, балабақша

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: " Қош бол, балабақша!"
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі біздің балаларымыздың балабақшамен қоштасу кешіне қош келдіңіздер. Бүгінгі сәт балаларымыздың естерінде қалатын әсерлі сәт екені белгілі. Ендеше кішкентай болып кіріп, ақыл- ойлары толысып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренген тәрбиеленушілеріміз таудай талаптары мен мектеп атты білім ордасына қадам аттағалы отыр. Біздің бүлдіршіндерімізге сәт- сапар, ақ жол тілейік! "Жас Қыран" тобының тәрбиеленушілерін үлкен қошеметпен ортаға шақырамын. (балалар екі екіден қол ұстасып кіреді, шеңберді айналып жүреді, музыка біткен соң шарларын төбеге ұшырып жібереді. )
Хор: " Біз мектепке барамыз"
Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдің,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар.
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепті,
Бұл өмірде бақыт жолын табыңдар,- дей келе тәрбиеленушіміз Үмбетқали Жаннұрды "Көктайым" атты әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын біздің балабақшамызға кішкентай, сүйкімді бөбектер келді. Олар дұрыс сөйлей де, киіне де алмады. Ал олардың былдырлаған жылаған дауыстары әлі есімізде, ал салған суреттерін көрсеңдер. . . . . . . Олай болса "балалық шақтан- болашаққа" деп фото-перезентацияны тамашалаңыздар. Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріңіз басталып та кетті. Кезекті балалардың тақпағына берейік:
Назжан: Алты жасқа толамыз.
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата- анамды,
Мектепке кетіп барамыз.
Бақша біздің панамыз.
Мектеп біздің анамыз.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: