ария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә. Диваев, И. А. Кастанье, П. И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге "Түркістан альбомы" жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 - 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт Ата ескерткіші.
Страницы: << < 4 | 5 | 6